Алматыда референдум комиссия мүшелері үйден дауыс беретіндерге шықты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда референдум комиссия мүшелері, учаскелік полиция мен бақылаушылар денсаулығына байланысты үйден дауыс беретіндерге барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының тұрғыны, зейнеткер, 80 жастағы Райхан Жұмаханова үйінде дауыс берді. Комиссия мүшелері әжейге барып, мөрі бар бюллетеньді қолына табыстады.

«Мен денсаулығыма байланысты үйден дауыс беремін деп шештім. Бұл саяси науқаннан тыс қалғым келмеді. Елдің болашағы мен ұрпағымның келешегі үшін өз дауысымды бердім», - деді ол.

Райхан Жұмаханова тұрғылықты жері бойынша №401 референдум учаскесінде тіркелген.

«№401 референдум учаскесінде тіркелгендер саны - 2 888 адам. Оның 8-і денсаулықтарына байланысты үйден дауыс беруге өтініш жасады. Заңнамаға сәйкес, үйлерді аралауға комиссия мүшесімен бірге учаскелік инспектор, бақылаушы шықты», - дейді №401 референдум учаскесінің комиссия мүшесі Раушан Шөпаева.



Соңғы жаңалықтар