Алматыда Райымбек даңғылы жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Райымбек даңғылы бойындағы (Рысқұлов даңғылының бойы – Емцов көшесінен Тілендиев көшесіне дейін) жол жұмыстарына байланысты 4 маусым түнгі сағат 23:00-ден 5 маусым сағат 06:00-ге дейінгі аралықта жол ішінара жабық болады»,- деп мәлім етті Алматы қалалық Мобильділік басқармасынан.

Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.


Соңғы жаңалықтар