Алматыда «Qamqor» акциясы басталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда кәсіпкерлердің қодауымен «Qamqor» акциясы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда ертең «Qamqor» акциясы басталады. Шараны – Бостандық ауданының әкімдігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Оның басты мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға ынталандыру, акция барысында кәсіпкерлер тауарлар мен қызметтерге түрлі жеңілдіктер ұсынады.

Тұрғындар вакциналану паспортын көрсету арқылы түрлі тауарлар мен қызмет көрсетуге белгіленген жеңілдіктерді ала алады.

Бұл жобаға Бостандық ауданының кәсіпкерлік нысандары қатысады, олар мыналар:

- «KINOPARK 5» кинотеатры, (Тимирязев көшесі, 42) «Atakent Mall» ОСО - 20% жеңілдік;

- «Вrooklyn fitness gym» фитнес орталығы, («Керемет» шағын ауданы, 7) - жеңілдік 20%;

- «Траснформа» перформативтік өнер театры, (Байзақов көшесі, 280) - 5% жеңілдік;

- «Almaty Doner» қоғамдық тамақтану орны, (Абай даңғылы, 34) - 10% жеңілдік;

- «GAME ON» компьютерлық клубтар желісі, («Керемет» шағын ауданы, 7); (Розыбакиев көшесі, 111); (Бұқар жырау көшесі, 27/5, блок 1) - 20% жеңілдік;

- «Coffee and parfait bar» кофейнясы, («Esentai Mall» ОСО , 4-қабат) - 20% жеңілдік;

- «Асем тау» демалыс аймағы, (Алмарасан шатқалы) - 10% жеңілдік;

- «Tsarskaya» қоғамдық моншасы, (Розыбакиев көшесі, 187) - 10% жеңілдік;

- «METRO» ойын-сауық орталығы / боулинг, бильярд, картинг, караоке), (Жандосов даңғылы, 2б) - 10% жеңілдік.

Осылайша, аудан кәсіпкерлері коронавирус инфекциясына қарсы күреске өз үлестерін қоспақшы.

Сонымен қатар, еліміздің барша кәсіпкерлерін бірігуге және осы акцияны қолдауға шақырады


Соңғы жаңалықтар