Алматыда пышақпен қаруланған ер адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінен пышақпен қаруланған ер адам ұсталды.

«Ер адам ұсталды, қолындағы пышағы тәркіленді. Тапаншасы болмаған. Жасы 22-де. Есірткі қабылдаған ба, әйтеуір түсініксіз күйде болған. Үстіне шаңғышылардың киімін киіп алған. Қазір одан жауап алынып жатыр. Әзірге өзінің бұл қылығын жөнді түсіндіріп бере алар емес. Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелді», - деп хабарлады қалалық ішкі істер депаратментінен. 

Оқиға салдарынан ешкім зарап шеккен жоқ.
Айта кетелік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тапаншаға ұқсас затпен қаруланған бір адамның жүгіріп жүргендігі жайлы ақпарат тараған болатын.

Соңғы жаңалықтар