Алматыда пышақ ұстаған үш адам көліктердің төбесіне шығып алып секірген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда пышақ ұстаған үш адам көліктердің төбесіне шығып алып секірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға «Ақбұлақ» шағын ауданында болды.

Үш жас жігіт көліктің төбесіне шығып алып секірген. Оларға ескерту жасағандарға пышақ көрсеткен. Оның арты төбелеске ұласты.

«Бұзақылардың бірін полицейлер ізін суытпай ұстады. 19 жастағы күдікті мас болды. Сонымен қатар, ол бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Тәртіп сақшылары оқиға орнын қарау барысында үш пышақ тапты. Заттай дәлелдер іс материалына тіркелді», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.



Соңғы жаңалықтар