Алматыда психикалық сауықтыру орталығында есепке тұрғандар азайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығында диспансерлік науқастар арасынан 701 адам есептен шығарылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде болған баспасөз брифингі барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

2018 жылғы шілде айындағы есеп бойынша Алматы бойынша психикалық сауықтыру орталығы есебінде 6 952 адам тұрады.  Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, 9,8%-ға төмен. Олардың ішінде 8 кәмелетке толмаған науқас бар. Сонымен қатар маскүнемдікпен есепте тұратындар саны - 5323  адам. Яғни,  2017 жылдың салыстырмалы кезеңінен 11,3%-ға азайған. Олардың 3-еуі кәмелетке толмағандар. Нашақорлықпен 1629  адам есепке алынған болса, олардың  5-еуі кәмелетке толмағандар. Ал 2017 жылдың салыстырмалы кезеңінен 4,1%-ға төмен.

«Биылдың  бірінші жарты жылдықта 340 адам бірінші  рет есепке алынған. Былтырғы жылмен салыстырғанда 19,0%-ға төмен. Олардың 5-еуі кәмелетке толмаған. Сонымен қатар, 255 адам маскүнемдікпен есепке алынған. Олардың 2-еуі кәмелеттік жасқа жетпеген.  Нашақорлықпен 85 адам есепке алынса,  олардың  3-еуі 18-ге толмаған. 2018 жылдың бірінші жартысында диспансерлік науқастар арасынан 701 адам есептен шығарылды,  олардың ішінде «маскүнемдік» диагнозымен - 575  адам,  нашақорлық» диагнозымен - 126 адам тізімнен алынып тасталынды»,-деді қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығының директоры Сапар Рахменшеев.

Соңғы жаңалықтар