Алматыда прокуратураның араласуымен 2.3212 га жер мемлекетке қайтарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы прокуратурасының араласуымен құны 675 млн теңге болатын 2.3212 га жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Әл-Фараби көшесінен оңтүстікке, Дулати көшесінен шығысқа қарай аумақта 2004 жылдан бері дәмхана жұмыс жасап келген. ҚР Су кодексіне сай мұндай территорияларда ғимарат салып, гидрологиялық жағдайға нұқсан келтіретін нысан көтеруге болмайды. Ол аймақ су қорғау аймағы болып табылатындықтан, онда тек мәдени-демалыс саябағын салу көзделген. Қазір Бостандық ауданы прокурорының өтініші сотта қанағаттандырылып, құны 675 млн теңге тұратын жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар