+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Алматыда Президент тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жол картасы әзірленеді

2020 жылғы 23 наурыз 21:21
Бөлісіңіз:
Алматыда Президент тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жол картасы әзірленеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия жиынында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі қалалық жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев барлық міндеттерді бөліп, оларды орындау бойынша нақты тапсырмалар берді.

Оның ішіндегі ең маңыздысы – қаланың карантиндік аймағын толығымен қоршауға алу және Алматыға кез келген тәсілмен кіріп-шығу мүмкіндігін шектеу қолға алынбақ.

«Қалаға заңсыз кіруге немесе қаладан заңсыз шығып кетуге тырысқан жандарға карантиннің ортақ игілігіміз үшін енгізілгенін жеткізе түсіндіру керек. Адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау маңызды болып тұр. Ол үшін коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуіміз керек. Біз Еуропа елдерінде асықпаушылықтың салдарынан қауіпті вирустың пандемиясы таралғанын білеміз. Осыдан қорытынды шығарып, оның алдын алу бойынша әрекет етудеміз», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Мемлекет басшысы тапсырған іс-шаралардың ішінде карантинге жатқызылған адамдардың карантин талабын бұзғаны үшін жаза қолдану тиістігі айтылған.

Бұдан өзге қоғамдық кеңістікте патрульдік шолу, жарықтандыру және бейнебақылаумен жабдықтау бойынша шаралар күшейтіледі.

Сондай-ақ халық жүретін қоғамдық нысандарда санитарлық өңдеу жұмыстары жүргізіле береді. Барлық ХҚКО уақытша жабылады. Қала кеңістігін дезинфекциялау үшін коммуналдық техника қайта жабдықталады.

Түрлі қатынас жолдары арқылы шет елден, соның ішінде ЕАЭО елдерінен келетін барлық жолаушыларды оқшаулау бойынша жұмыстар жалғаса береді. Сондай-ақ медициналық мекемелердің жұмыс тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары жалғасады. Кәсіпкерлер мен азаматтар үшін блок-бекеттерден өту тәртібі мен ережелері туралы жадынамалар әзірленді.

Сондай-ақ, жастардың жасампаздығын қамтамасыз ету бойынша онлайн тәртіпте түрлі жарыстар мен дәрістер өткізіледі. Бұдан бөлек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде еңбекақыдан айырылған адамдарға 1 АӘК (42 500 теңге) көлемінде айлық төлем жүргізу мәселесі пысықталмақ.

Көпбалалы отбасыларға, мүгедектер мен халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық таратылмақ.

Әр тапсырма бойынша нақты орындау шаралары әзірленетін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT