Алматыда Президент саябағына 100 түп бөртегүл егілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда жас натуралистер станциясының белсенділері саябақ аумағына шамамен 100 түп бөртегүл (сирень) отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас натуралистер станциясының белсенділері бірнеше жыл қатарынан бөртегүл көшеттерін өсіріп келеді. Бұл көшеттер танымал жерлестеріміз, селекционер-ғалымдар Дзевицкийлердің коллекциясынан алынған. Олар өмірлерінің 50 жылдан астамын осы бөртегүлдің жаңа сұрпын өсіріп шығаруға арнаған. 1970-80 жылдары олар Алматыны көгалдандыруға өз селекцияларынан 6000-нан астам бөртегүл көшетін және 2500 бұтағын берген. Сол жылдары бүкіл қала бойынша бөртегүл егілген. Соның арқасында, көктемде Алматыда осы жұпар иісті гүлдердің иісін сезуге болады.

Келер жылғы көктемде бөртегүлдің көшеттері гүлдеп, хош иіс сыйлайтын болады.

Сонымен қатар, биыл көктемде қалада 12 000 ағаш көшетін отырғызу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар