Алматыда Президент саябағы аумағында өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Тұңғыш Президент саябағына жақын жерде өрт шықты. Қараусыз қалған кафенің жазғы алаңы жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанып жатқан жер түсіп қалған видео әлеуметтік желіде тарады.

«30 қыркүйекте сағат 19:44-те Алматы ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданында, әл-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысында (Үлкен Алматы өзенінің бойында) жұмыс істеуде. «Бунгало» қараусыз қалған кафесінің жазғы террасасы өртеніп жатыр», - деп нақтылады ТЖД.


Соңғы жаңалықтар