Алматыда праймериз қатысушылары үгіт-насихаттың алғашқы күнінде 100-ден астам іс-шара өткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін бүкіл ел бойынша партияішілік праймериз кандидаттары үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Алматы бойынша үгіт-насихат жұмыстарына 230 үміткер қатысып жатыр, оның ішінде 185 адам - мәслихатқа, 45 адам - Мәжіліске үміткер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың кейбір аудандарында бір депутаттық орынға 10-нан астам қатысушы үміткер.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, қатысушылардың орташа жасы 42 жаста. Үміткерлердің ішінде 81 әйел (35,2%) бар. Ал жасы 35-ке толмаған - 72 адам бар (31,3%).


Алматы шағын және орта бизнес пен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің ішінен праймеризге қатысушылар санынан республика бойынша көш бастап тұр.

«Қазіргі таңда Алматы қаласы шағын және орта бизнес субъектілері өкілдерінің саны бойынша көш бастап тұр. ШОБ секторы 53%, бизнесте 122 праймериз қатысушы, ал үкіметтік емес ұйымдардан 33 адам өтінім берді, бұл 14,3% болып тұр» - деді «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров.


Естеріңізге сала кетейік, үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен ZOOM арқылы онлайн-кездесулер, ашық алаңдарда немесе санитариялық нормаларды қатаң сақтай отырып, желдетілетін бөлмелерде офлайн-кездесулер арқылы жүргізілетін болады. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы филиалдарының ресми аккаунттары арқылы тікелей эфир өткізіледі.

Бұдан бөлек, 14-30 қыркүйек аралығында Алматының әр ауданында праймериз қатысушылары пікірсайысқа қатысады. Ол үшін ашық түрде жеребе тастау және қатысушыларды бөлу жүргізіледі. Кезең 3 қазанға дейін жалғасады. Нәтижелер осы жылдың 5 қазанында белгілі болады.

Жеңімпаздар мәслихаттар мен Парламент депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерінде болады.


Соңғы жаңалықтар