Алматыда пойыз қағып кеткен келіншектің құрсақтағы нəрестесін дəрігерлер ажалдан арашалап қала алмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері пойыз қағып кеткен жүкті келіншектің жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бағдагүл Əбдірасылова айтты.

Оның айтуынша, 1990 жылғы жүкті келіншек өте ауыр халде 4-қалалық ауруханаға түскен. Ол жүктіліктің 39-40 аптасында болған. Баласы бірден кесар тілігімен алынды. Нəрестеге оттегі жетіспей қиналған.

Балаға 1 сағат бойы реанимациялық көмек көрсетілді. Бірақ өкінішке орай нəресте кеше кешкі 16:05-те қайтыс болды.

Анасы Алматы облысы, Жамбыл ауылының тумасы болып шықты. Келіншек 2-ші баласын күтіп отыр екен.

"Анасының халі өте ауыр. Миы шайқалған. Оған қан құйылды. Негізінен басы жараланған. Тілі жұлынған. Жақ сүйегі зақымданған. Есін əлі жиған жоқ. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Тістері қатты соққыдан түсіп қалған", - деді Бағдагүл Əбдірасылова.

Айта кету керек, қайғылы оқиға кеше Алматы-1 стансасында орын алған. Жол апатының мəн жайы жайлы əзірге ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметі түсініктеме бермей отыр.

Соңғы жаңалықтар