Алматыда «Porshe Cayen» 55 жастағы ер адамды қағып өлтірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Porshe Cayen» жүргізушісі 55 жастағы ер адамды қағып өлтірді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлім етті.

Жол апаты бүгін таңертең Қ.Сәтбаев көшесінің бойында, Республика алаңында болған.

«Porshe Cayen» көлігін тізгіндеген 36 жастағы жүргізуші Қ.Сәтбаев көшесімен батысқа бағыт алған. Республика алаңында 50-55 жастар шамасындағы ер адам тыйым салынған жерден өтіп бара жатқан. Сол сәтте жүргізуші тежегішті басып үлгермей қағып кеткен.

Ер адам сол жерде көз жұмған. Қазір оның кім екендігі анықталып жатыр. Полиция аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеді», - деді Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар