Алматыда полицияға жұмысқа орналасу үшін құжаттар фронт-кеңселерде қабылданады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полицияға жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттар фронт-кеңселерде қабылданады. Пилоттық жоба Түрксіб аудандық полиция бөлімінде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР ІІМ тапсырмасына сәйкес ішкі істер органдарына жұмысқа орналасуға келген үміткерлерді іріктеуде және зерделеуде ашықтықты қамтамасыз ету шаралары кешенді жүргізіледі. Мақсат – азаматтардың кадр қызметкерлерімен байланысын азайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Фронт-кеңсе полиция қызметкері болғысы келетін азаматтардан (тегін жұмысқа орналасу үшін) құжаттарды алуға бағытталған. Құжатты қабылдауға білікті мамандар тартылды. Олар үміткерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, қызметке кіру шарттарын түсіндіреді және келіп түскен өтініштерді нақты есепке алады», - деді Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Оразбеков.


Еске салайық, азаматтардың сенімін арттыру үшін Алматы полициясы біртіндеп қызмет көрсету моделіне көшуде. Қала әкімдігінің қолдауымен қазір барлық аудандық полиция бөлімдерінде фронт-кеңселердің құрылысы жүріп жатыр.



Соңғы жаңалықтар