Алматыда полиция қызметкерлерін қаржыландыру 920 млн теңгеге артпақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда құқық қорғау органдары қызметкерлерін қаржыландыру 920 млн теңгеге артады. Бұл туралы бүгін әкімдікте өткен жиын барысында қала басшысы Ахметжан Есімов мәлім етті.

Оның айтуынша, шаһардың тұрақты экономикалық өсімі қалалық Ішкі Істер департаментін қаржыландыру көлемін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Биыл қалада Ішкі істер органдарының техникалық жабдықталуы артып, 105 автокөлік, 63 бейнетіркеуші сатып алынды. Әкім айтқандай, полиция қызметкерлерін қаржыландыру 920 млн теңгеге артпақ.

Отырыс барысында қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев органның 2014 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысымен таныстырды.

Оның айтуынша, қаладағы криминогендік жағдай құқық қорғау органдарының жіті бақылауында.

«2014 жылдың алғашқы жартыжылдығында ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны азайып, олардың әшкереленуі 4,5 %-ға артты. Адам өліміне әкеп соғатын қылмыстар саны 32 %-ға, қарақшылық қылмыстар 3 есеге, тонаушылық – 11,2 %-ға, зорлық-зомбылық көрсету 17,5 %-ға төмендеді», - деді ІІД басшысы Серік Күдебаев.

Соңғы жаңалықтар