USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап кетті

2021 жылғы 2 наурыз 14:00
Бөлісіңіз:
Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап, жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды Астана тұрғынының 2 көлігінде бір нөмір болған Ташкент зообағында анасы қызын аю қамалған торға лақтырып жіберді

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау ауданының ювеналды полиция қызметкері құрылысы бітпеген көпқабатты үйдің төбесіне шыққан 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге ескерту жасамақ болып көтерілген.

«Полицей жасөсіпірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізу кезінде сүрініп, төменгі қабатқа құлап кеткен. Қазіргі уақытта оған операция жасалды, бірақ жағдайы ауыр. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты Әкімшілік кодекстің 127-бабы бойынша хаттама жасалды. Жасөсіпірімдер қауіпсіз жерге шығарылды. Ешқайсысы зардап шеккен жоқ»,-деп хабарлады полициядан.

Осы оқиғаға байланысты жарақат алған полицейдің қарындасы әлеуметтік желі арқылы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтан көмек сұрады.

«Бақытжан Сағынтаев мырза, қандай дәрігер мамандардың көмегі қажет екенін анықтап, бауырымның өміріне араша түсуіңізді сұраймын. Оның 3 баласы, аяғы ауыр әйелі, 80-ге келіп қалған қарт анасы бар. Сондай-ақ, бірнеше жылдан бері үйді салып бітірмеген құрылыс мекемесі басшылығын жауапқа тартуыңызды сұраймын»,- деді ол.

Фото: Facebook/Даначка Рахимова
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT