Алматыда полиция көшеде 2 жасар баласын тастап кеткен ананы іздеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда полиция түнде көшеде табылған баланың анасын іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кішкентай баланың суреті әлеуметтік желіде тарады.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұл баланы 20 сәуірге қараған түні аялдамадан ер адам тауып алған. Ол жалғыз қалған баланы үйіне апарып, жуындырып, киімін ауыстырып, тамақтандырған. Келесі күні полицияға келіп жағдайды мәлім еткен.

Полиция балаға жедел жәрдем шақырып, оны медициналық тексеруден өткізу үшін №2 балалар клиникалық ауруханасына жеткізді. Қазір ол ауруханада.

«Ювеналды полиция бөлімі мен Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері екі жасар баланың анасын іздеуде. Қазіргі уақытта оның аты-жөні белгілі болды. Оның екі баласы бар. Алатау ауданының полиция басқармасының мәліметінше, әйел осы баласын бірнеше рет тастап кеткен. Қазір оның тұрып жатқан жерін анықтаумен айналысып жатырмыз. Заңға сәйкес шара қолданыады», - деп хабарлады полициядан.

Бала «мама» деген сөзден басқа ештеңе айтпайды.



Соңғы жаңалықтар