+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда полиция көшеде 2 жасар баласын тастап кеткен ананы іздеп жатыр

2021 жылғы 21 сәуір 10:57
Бөлісіңіз:
Алматыда полиция көшеде 2 жасар баласын тастап кеткен ананы іздеп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда полиция түнде көшеде табылған баланың анасын іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қосшыда 6 жасар аутист бала аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткен Қостанайда полицейдің парамен ұсталуына байланысты департамент түсінік берді Ата-анасы ұйықтап жатқанда кетіп қалған: ШҚО-да жоғалған бала табылды

Кішкентай баланың суреті әлеуметтік желіде тарады.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұл баланы 20 сәуірге қараған түні аялдамадан ер адам тауып алған. Ол жалғыз қалған баланы үйіне апарып, жуындырып, киімін ауыстырып, тамақтандырған. Келесі күні полицияға келіп жағдайды мәлім еткен.

Полиция балаға жедел жәрдем шақырып, оны медициналық тексеруден өткізу үшін №2 балалар клиникалық ауруханасына жеткізді. Қазір ол ауруханада.

«Ювеналды полиция бөлімі мен Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері екі жасар баланың анасын іздеуде. Қазіргі уақытта оның аты-жөні белгілі болды. Оның екі баласы бар. Алатау ауданының полиция басқармасының мәліметінше, әйел осы баласын бірнеше рет тастап кеткен. Қазір оның тұрып жатқан жерін анықтаумен айналысып жатырмыз. Заңға сәйкес шара қолданыады», - деп хабарлады полициядан.

Бала «мама» деген сөзден басқа ештеңе айтпайды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT