Алматыда полиция белгісіз жастар тобы спайс қосылған сағыз таратып жүр деген ақпаратты жоққа шығарды

None
None
АЛМАТЫ. қазАқпарат - Алматыда белгісіз жастар тобы спайс қосылған сағыз таратып жүр деген ақпаратты полиция жоққа шығарды. Қазір қалалық құқық қорғау органдары бұл ақпаратты әлеуметтік желі арқылы таратқан адамдарды іздестіруде. Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі, полиция майоры Салтанат Әзірбек айтты.

Ватсап желісі арқылы таратылған аудио және мәтіндік ақпарат бірден тексерілді. Тексеру барысында бұл хабарламаның шындыққа сәйкеспейтіндігі белгілі болды.

«Қазіргі таңда полиция бөлімшелері бұл хабарламаны таратқан азаматтарды іздестіріп жатыр. Бұл адамдар ұсталған жағдайда ҚР ҚК 274-бабы бойынша (қасақана жалған ақпаратты тарату) қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Айта кетейік, полиция тарапынан жұртшылық арасында алаңдаушылық туғызатын мұндай әрекеттерді болдырмау үшін бар күш жұмсалатын болады», - деді Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар