Алматыда полиция басшысы қол астындағы қызметкерлерге қол көтерді деген күдікке ілінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Наурызбай аудандық полиция бастығының орынбасарына қол астындағы қызметкерлерді ұрды деген кінә тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.


Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша қызметтік тексеру басталды.

«Бұл факт бойынша қызметтік тексеру басталды, оның барысында бейнежазба толық зерттеліп, мән -жай анықталады. Полиция департаментінің Тәртіптік комиссиясы кінәлі адамдарға қатысты түбегейлі шаралар қабылдайды», - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар