+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда полицейлердің көлік қуған сәті видеоға түсіп қалды

2021 жылғы 15 маусым 14:32
Бөлісіңіз:
Алматыда полицейлердің көлік қуған сәті видеоға түсіп қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полицейлердің көлік қуған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда екі жүк көлігі мен бір жеңіл автокөлік соқтығысты Петропавлда мас келіншек көлігімен адамды соғып, аялдамаға кіріп кетті Үндістанның оңтүстігінде болған көлік апатынан сегіз адам көз жұмды

Әлеуметтік желілерде Алматы даңғылдарының бірінде көліктің артынан қуған полицейлердің видеосы жарияланды.


Бейнежазбадан көлік жүргізушісі артпен қозғалып бара жатқанын көруге болады.

«Рысқұловтағы экшен: жүргізуші полицейлерден қашқан, бірақ дөңгелегі ұшып кетіп, оны үш патруль экипажы ұстап алды», - делінген жарияланымда.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 14 маусымға қараған түні Алматының Алатау ауданында болған.

«Toyota Camry» маркалы автокөлігінің жүргізушісі патруль экипажының тоқтау туралы талабына бағынбады. Жасырынуға тырысты, бірақ оны бұғаттады. Көлік тізгінінде 1966 жылғы А. есімді ер адам болды. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы, 606-баптың 1-бөлігі және 595-баптың 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT