Алматыда полицейлерден тапанша мен пышақ жасырған ер адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғынынан қару тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, «102» пультіне Райымбек және Назарбаев даңғылы маңында қаруы бар белгісіз адам тұратыны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына Жетісу ауданының жедел-тергеу тобы аттанды.

«Полицейлер есікті қаққанда жас жігіт санаулы секундтарда қару-жарақты жинап алып, терезеден лақтырып жіберген. Ер адамның іс-әрекеті әзірге белгісіз», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ол Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізілді, онда істің объективті мән-жайы анықталатын болады.


Соңғы жаңалықтар