
19:22
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 25 маусым күні Алматы қаласының Алатау ауданында бірқатар қарақшылық шабуылдарды ұйымдастыруда күдікті танылғандарды ұстау кезінде полиция қызметкерлеріне оқ атылып, қарсылық білдірілді, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Операция барысында қылмыскерлердің бірі оқ жарақатын алып, қаза тапты, екіншісі қарусыздандырылып, ұсталды.
Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік желілерде оқиға куәгерлері түсірген видео да жарық көрді.