Алматыда полицейлер көлікпен әйелді қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полиция көлігі әйелді қағып кетті. Жол апаты Алмалы ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел Төле би көшесінің тыйым салынған тұсынан жолды кесіп өтпек болған. Сол мақсатпен ол автобустың артынан жүгіріп шыққан. Бұл сәтте Төле би көшесімен батысқа бет түзеп келе жатқан Хюндай маркалы полиция көлігі оны қағып кеткен.
Әйел ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта міндетін атқарып жүрген екен.




Соңғы жаңалықтар