Алматыда полицейлер қан тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полицейлер 10 литр қан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен басталған қайырымдылық эстафетасы аясында Алматы полицейлері қан қорын толықтырды. 50 тәртіп сақшысы жұмыс күнін қалалық Қан орталығына барудан бастады.

« Біз үшін донорлық – ең алдымен азаматтық борыш, сосын жанашырлық және қайырымдылық. Біз донорлықтың дамуына зор үлес қоса алдық деп сенеміз. Полиция қызметкерлерінің арасында қан тобы сирек кездесетін жандар да бар, олардың қаны тапшы болып табылады. Біз азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы ант тапсырдық, сондықтан бүгінгі іс-әрекетті алға қойылған міндеттерді орындаудың бір әдісі деп санауға болады. Біз тапсырған қан біреудің өмірін сақтайды деп сенеміз. Сіздің мұқтаж жанға көмектескеніңізді сезінуіңіздің өзі жеке құраммен жұмыс істеу барысында тәрбиеленушілерге жақсы әсер етеді», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының
Соңғы жаңалықтар