Алматыда полицейлер 100 соғыс ардагерін құттықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қызметкерлері 100 ардагердің үйіне барып, оларды Жеңіс күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде 10 ҰОС ардагері мен 60 тыл ардагері, 30 ҰОС ардагерінің отбасы бар.

«Бұл маңызды міндет 8 ауданның ішкі істер басқармасына тапсырылды. Инспекторлар оған тыңғылықты дайындалды. Олар ардагерлерге естелік ретінде жауынгер тағамы салынған қапшықтарды сыйға тартып, офицерлер әр кірген үйде ардагерлермен қосыла ән шырқады. Ниет білдірген ардагерлерді полиция қызметкерлері 28 Панфиловшылар паркіне алып келіп, Мәңгілік алау жанына гүл шоқтарын қойды. 9-мамыр - Жеңіс күнін атап өту тек дәстүр ғана емес, сонымен қатар бұл күн біз үшін қан төккен ата-бабаларымызға деген алғыс білдіретін кез», - деді қалалық ІІД кадрлық жұмыс бөлімі басшысының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Соғыс ардагерлері өз кезегінде тәртіп сақшыларының ықылас-құрметіне алғысын білдірді.

null
null

Соңғы жаңалықтар