Алматыда полицейді қағып өлтірген жүргізуші сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №2 Жетісу аудандық соты  арнайы жасақ ұланын қағып өлтірген жүргізушіге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апат Алматы-Қапшағай тас жолында болған еді.

«Рақымжан Есенбаевты айыпты деп тауып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарамын. Сотталушы жазасын қауіпсіздік дәрежесі жеңіл түзеу мекемесінде өтесін», - деді үкімді оқыған судья Елмахан Ділдәбаев.

Судья жүк көлігінің иесінен 3,1 млн теңге көлемінде материалдық шығын, 3 млн көлемінде моралдық шығын өндіру туралы шешім шығарды.

Есенбаев сот залында қамауға алынды.

Айта кету керек, «МАЗ-642208» жүргізушісі Алматы Қапшағай тас жолының 3-шақырымында рөлден айрылып қалып жол шетіндегі полицейді қағып кеткен болатын. Жандос Нұрғазиев «Нұра» бекетінде тұрған. Арнайы жасақ инспекторы алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Марқұмның артында екі қызы мен жүкті келіншегі қалды.

Соңғы жаңалықтар