Алматыда полицей шетелдік әйелді итеріп, жерге құлатты

None
Видеодан алынған кадр/ instagram.com/gazizaraimbek
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полицей қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді итеріп, құлатып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Бейнежазбадан полицейдің әйелге дөрекі күш қолданып, итеріп жібергенін көруге болады.

Қалалық полиция департаменті видеоға қатысты қызметтік тексеру басталғанын мәлім етті.

«Аталған іс бойынша қызметтік тексеру басталды. Департамент басшылығы полиция қызметкерінің дөрекі іс әрекетіне баға беретін болады», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар