Алматыда полицей дүкеншіні пышақпен шабуыл жасаған қаскөйден құтқарып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қызметкері сатушыны қарулы қарақшыдан құтқарып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Шабуыл нысаны қаланың төменгі бөлігіндегі Р.Зорге көшесінде орналасқан шағын азық-түлік дүкені болды. Шамамен кешкі сағат 6 кезінде 28 жастағы қаскүнем дүкенге кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, ақша талап еткен.

«Дүкенге келген куәгерлердің бірі көшеге шығып үлгеріп, маңайдағыларды көмекке шақырған. Қылмыстық полиция бөлімшесінің қызметкері, полиция аға лейтенанты Елмұрат Омар жедел оқиға орнына жеткен. Ол дәл сол уақытта дүкен маңында болған. Ол шабуылшының арт жағынан кіріп, оны аңдатпай қолға түсірді. Бірер секундтан кейін қолындағы пышағын да алып үлгерді. Бұл жерде күдіктіні қолға түсіруге септігін тигізген куәгер қызды атап өткен жөн. Біріншіден, ол шошып өз бетімен қашып кетпей, көмекке шақырды, артынша қорықпастан полиция қызметкерімен бірге дүкенге кірген», - деді Түркісіб аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Думан Аухадиев.

Күдікті азаматтың бұған дейін қарақшылық шабуыл бойынша сотты болғаны анықталды. Қазір ол қамауға алынып, қылмыстық жауапқа тартылуда.

«Ең бастысы қаскөй ешкімді жаралап үлгермеді. Ол өзінің қылмыстық әрекетіне кедергі келетінін күткен жоқ. Дүкеннің іші тар болғандықтан төбелес шығару сатушы үшін қауіпсіз болды, мен оның пышақ ұстаған қолын құрсаулап, пышағын тартып алдым. Әріптестерім де уақытында көмекке келді. Мен өзімнің қызметтік міндетімді атқардым, бәрінің сәтті аяқталғанына қуаныштымын», - деді өз кезегінде аға лейтенант Е.Омар.

Айта кетейік, Е.Омар 1995 жылы туған, 2017 жылы ҚР ІІМ Алматы академиясын бітірген. Еңбек жолын қылмыстық полиция бөлімшесінен бастаған.

Соңғы жаңалықтар