Алматыда пластикалық отадан көз жұмған әйелдің туыстары 50 млн теңге талап етті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алмалы аудандық сотында липосакциядан  қайтыс болған Украина азаматы Дана Агамурадованың өліміне қатысты сот ісі жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот алдында пластикалық хирург Дмитрий Писарев жауап беріп жатыр.

Бүгін қайғылы оқиға болған Эстетика орталығының бас директоры Ольга Тютюнникова сотта жауап берді. Әйел ота қолдан құралған аппараттан жасалды деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Жоғары сапалы аспиратор жыл сайын техникалық қызмет көрсетуден өтеді. Ол менде шамамен 2008 жылдан бері бар. Бұл қытай өнімімен салыстырғанда анағұрлым сапалы. Бұл құралмен 30-50 ота жасалды. Ол майды жақсы сорып алады. Маған хирургтар солай деген. Бұл қолдан жасалған аппарат емес.  Оны өзім жасап шығармадым. Аспиратор «Медтехниктен» сатып алынған болатын", - деді Ольга Тютюнникова.

Ольга Тютюнникова кінәсін мойындағаны үшін және арыздың  жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған еді.

Жәбірленуші тарап 50 млн теңге көлемінде моральдық шығын өтеуді сұрап, азаматтық талап арыз берді. Талапты қаза тапқан қыздың сіңлісінің атынан адвокат Гүлмира Бұралхиева оқыды.

«Әпкем қайтыс болған соң жақын туысы ретінде менен ешкім кешірім сұрамады. Әпкемнің жерлеу рәсіміне ешқандай материалдық шығын көрсетілмеді. Материалдық жағдай болмағандықтан ол туған жерінде емес, Алматыда жерленді. Моральдық шығын көлемін 50 млн теңгеге бағалаймын», - деген талап оқылды.

Еске салай кетейік, Дмитрий Писарев ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-тармағы (адамның қайтыс болуына себеп болған медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы) бойынша айыпталған. Істің жай-жапсарымен мына жерден танысуға болады.

Айта кетейік, хирург айыбын мойындамады. Бұған дейін қылмыстық істің барысына зардап шеккен тараптың адвокаты пікір білдірген еді. 

Соңғы жаңалықтар