+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Алматыда пиротехниканың жарылуынан 2 адам жарақат алған

2019 жылғы 12 желтоқсан 13:52
Бөлісіңіз:
Алматыда пиротехниканың жарылуынан 2 адам жарақат алған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 2019 жылы пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан 2 адам зардап шекті. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД өкілдері өткізген брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын Алматыда 31 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін орта есеппен 10-20 өрт болады.

«Соңғы 5 жылда 61 өрт болған, оның 11-і пиротехникалық бұйымдарды дұрыс қолданбаудан болған. Алайда жылдан жылға пиротехникалық заттарды қолдану азайып келеді. 2015 жылы - 21 өрт, 2016 жылы – 10 өрт, 2017 жылы 14 өрт, 2018 жылы – 13 өрт, 2019 жылы 5 өрт тіркелген. Соңғы екі жылда пиротехникалық бұйымдардың кесірінен өрт болған жоқ», - деді ТЖД төтенше жағдайлардан болатын тәуекелдерді азайту және азаматтық қорғаныс саласын бақылау басқармасының басшысы Айдос Нүсіпбаев.

Оның айтуынша, пиротехника өнімдерін дұрыс қолданбаудан адамдар жиі зардап шегеді.

«2015 жылдан бергі 4 жыл ішінде 138 адам жарақат алған. Оның ішінде 73-і - бала. Бір айта кетерлігі, жылдан жылға жарақат алғандардың саны азайып келеді. 2015 жылы - 57 адам, оның ішінде 21 бала жарақат алған. Биыл қаңтар айында 2 адам жарақат алды. Оның бірі – кәмелет жасына толмаған бала», - деді Айдос Нүсіпбаев.

Алматы қалалық жедел жәрдем стансасының маманы адамдардың көбінесе қандай жарақатпен түсетінін айтты.

«Көбінесе адамдарды күйік шалады. Халық арасында 1-2 дәрежелі күйікпен жиі түседі. Көп жағдайда адамның беті, қол-аяғы, көзі жарақаттанады. Балаларға 12 жасқа дейін пиротехникалық заттарды қолдануға болмайды. Міндетті түрде қасында ересек адам болуы керек», - деді жедел жәрдем стансасының дәрігері Әсел Халилова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT