Алматыда пиротехника сақталған шатырда өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Шевченко-Шагабутдинов көшелерінің қиылысында орналасқан шатырда өрт шықты. Онда пиротехникалық заттар сақталып келген.

Өрт туралы хабарлама кезекші пунктіне түнгі сағат 3.10-да түскен. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахметов айтты.

«Тілсіз жау 8 шаршы метр аумақты жалмаған. Қызыл жалын «Қазақтелеком» АҚ таксофон будкасын, «Small» супермаркетінің терезелерін шарпыған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімі 3:16-да оқиға орнына жетті. Барлығы 6 арнайы көлік пен 29 адам жұмылдырылды. Өрт 3:25-те толығымен сөндірілді», - деді Нұрбек Қожахметов.

Алдын ала болжам бойынша өрт қысқа тұйықталудан шыққан.

Өртті көзімен көрген адамдар сол жерде бірнеше петардалардың жарылғанын айтқан. Ал, ТЖД өкілі жарылысты жоққа шығарып отыр.

Оның айтуынша, төтенше жағдай салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ. Келтірілген шығын көлемі анықталуда.

ТЖД баспасөз хатшысы 31-інен 1-не қараған түні Алматыда ешқандай өрт және басқа да төтенше жағдай тіркелмегенін айтты.

Соңғы жаңалықтар