Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу қарастырылып жатқан жоқ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Pfizer вакцинасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі оны ақылы түрде жеткізу мәселесін қарастырған болатын. Ол үшін қажет келіссөздер жүргізілді. Бірақ бүгінде бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің кейінгі қаулысында және біздің қаулыда да атап өттік. Яғни Pfizer-ді медицина қызметкерлері және 60 жастан асқандар ревакцинация үшін қолдана алады. Ал Pfizer-ді ақылы түрде салу мәселесі қаламызда қарастырылып жатқан жоқ», - деді спикер.

Сонымен қатар, ол қолда бар вакциналар Pfizer-ден кем емес екенін атап өтті.

« Қазір «омикрон» штамына байланысты эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Сондықтан Pfizer екпесін күтудің қажеті жоқ. Біздегі вакцинаны алу керек. Қолда бар вакциналар Pfizer-ден кем емес»,- дейді Қарлығаш Әбдіжаббарова.


Соңғы жаңалықтар