+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда перзентханалардың материалдық-техникалық базасы жақсарады

2021 жылғы 19 қазан 04:20
Бөлісіңіз:
Алматыда перзентханалардың материалдық-техникалық базасы жақсарады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Онда мегаполисті дамытудың, оның ішінде денсаулық сақтау және ана өлімін болдырмау саласындағы өзекті мәселелер қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы коронавирустың қауіпті «Омикрон» жаңа штамына дайын ба Коронавирустың жаңа штамы дерттің қайта өршуіне әкелуі мүмкін - эпидемиолог Алматыда ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр

Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, ана өлімінің негізгі себептерінің арасында COVID-19 және экстрагенитальды аурулардың болғаны, COVID-19 симптомдары байқалса да медицина қызметкерлеріне кеш жүгіну себептері бар. Бүгінде ана өлімін төмендету үшін отбасын жоспарлау кабинеттері жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдануда және фертильді жастағы әйелдерді динамикалық бақылау енгізілуде. Перзентханаларда кадрлар тапшылығын жою және олардың біліктілігін арттыру мақсатында резидентурада 2021-2023 оқу жылдары 6 акушер-гинеколог, ал, 2022-2024 жылдары – 4 маман даярлықтан өтеді. Алматы әкімі Б. Сағынтаев ана өлімін азайту мақсатында іс-шаралар жоспарын іске асыруға бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, қала әкімі босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту міндетін алға қойды. Ол үшін ағымдағы және келесі жылдары қажетті жабдықтар сатып алынады, ал 2023-2024 жылдары перзентханаларды заманауи сору-сыртқа тарату желдеткішін орната отырып, кезең-кезеңімен реконструкциялау қарастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT