+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Алматыда педофил 20 жылға сотталды

2021 жылғы 1 тамыз 11:38
Бөлісіңіз:
Алматыда педофил 20 жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда педофил 20 жылға сотталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда ер адам өзінің көңілдесі мен пәтер иесін өлтірді Алматыда әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды Коронавирус: Алматыда бір тәулікте 7,2 мың адам вакцина алды

1996 жылы туған Noori Khalil есімді азамат 2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың 2 желтоқсаны аралығында 2010 жылы туған «С» есімді жеткіншекке қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны хабарланды.

«2020 жылдың 3 желтоқсанында жәбірленуші жеткіншектің анасы үйде кір киімдерді тазалау кезінде ақ дақтар жағылып былғанған ұлының іш киімін тауып алған. Ұлы түнде ұйықтап жатқанда, Noori Khalil оның қасында жатып, азғындық әрекеттер жасағанын айтқан. Белгілі болғандай, Noori Khalil баланың анасының бірге тұратын адамының досы болған, кейде олардың үйінде қалып түнейтін. Ұялы телефонмен бірге ойнауды сылтауратып баламен бір бөлмеде ұйықтайтын сәтті пайдаланған азғын баланы жанына жатуға шақырған. Педофилдің ойынан күмәнданбаған бала оның ұсынысына келісе кеткен. Осылайша сотталушы өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асырған», - деп атап өтті Рустам Абдрахманов.

2020 жылдың желтоқсанында болған қылмысты тергеу барысында айыпталушының 2019 жылдың қараша айында осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

«Баланың айтуынша, ол Noori Khalil-ді өзінің үлкен ағасы ретінде қабылдап, олардың үйіне келгенде оны «Хан» деп атаған. Күдіктінің қылмыстық әрекеттері ҚР ҚК- нің 121-бабы 4-бөлігі (жас балаға қатысты бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша анықталды», - деді ол.

Сот үкімімен Noori Khalil-ге педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT