+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда педиатрия орталығында «Smart School-2» сыныбы ашылды

2019 жылғы 4 желтоқсан 14:55
Бөлісіңіз:
Алматыда педиатрия орталығында «Smart School-2» сыныбы ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында стационарда жатқан науқас балалар білім алатын екінші «Smart School» оқу сыныбы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Болашақ педагогтар мен докторанттардың стипендиясы артады Қостанай облысында жыл соңына дейін үш мектеп салынады Қостанай облысының мектептеріне 15 мың компьютер сатып алынбақ

Инновациялық оқу класы ақ қан ауруына, онкологиялық дертке, сирек ауруларға шалдыққан балаларға арналған. Емделу ұзақ уақытты талап ететіндіктен, мұнда балалар жылдап жатады. Соған қарамастан енді, орталықта ем алып жатқан балалар емін үзбей, замандастарынан қалмай, білімдерін одан әрі жетілдіріп, бос уақыттарын тиімді өткізе алатын болады.

Озық қондырғылармен жабдықталған смарт сыныпты Педиатрия орталығының басшысы Риза Боранбаева ашып, тұсаукесер лентасын ең жасы үлкен ата-анамен бірігіп кесті.

«Бүгін біз үшін, осында ем алып жатқан балалар мен олардың ата-аналары үшін қуанышты күн. Балаларға үлкен қуаныш сыйлаған, кең, әсем де жарық сыныпты жасап, заман талабына сай жабдықтап берген демеушілерге, атсалысқан еріктілерге барша қауым атынан шексіз алғысымызды білдіреміз. Орталығымызда ашылып отырған екінші смарт-класстың балалардың денсаулығын жақсартуға қосар үлесі мол болары сөзсіз деп білемін. Бұл орталықта онкологиялық аурудан 125 төсек орын бар. Бірінші ашқан сыныбымызда осы балалардың тек жартысын ғана қамтысақ, осы сыныбымыздың арқасында оқыту процесіне енді барлық балалар қатыса алады», - деді Педиатрия орталығының басшысы Риза Боранбаева.

Дәрігердің айтуынша, баланың көңіл күйі, эмоциялық ахуалы аурудан тез жазылуына ықпал етеді.

«Біз осының алдында бірінші ашқан смарт сыныбымыздың нәтижесін айта аламыз. Әлбетте, баланың көңіл күйі, эмоциялық ахуалы өзінің сүйікті ісімен айналысқанда өте жоғары болады. Соның арқасында баланың емделу процесі де жылдам жүреді. Бұл тұрғыдан ғылыми негіздемелер де бар. Балалармен бірге енді сабаққа ата-аналар да қатыса алады. Олар да ұзақ мерзімге созылған аурудан жүйкелері тозады. Ата-аналардың да бір мезгіл негативтен көңілі бөлініп, ауру туралы ұмытқаны да жақсы», - деді Риза Боранбаев.

«Smart School-2» сыныбы үш кабинеттен тұрады. Заманауи құралдармен жабдықталған оқу сыныбында балалар математика, тарих, ағылшын тілі және басқа да жалпы пәндермен бірге, мектепке дейінгі бағдарламаны оқып, бос уақыттарында ағылшын тілін үйреніп, шахмат, робототехника, конструктор құрау, сурет салу сынды шығармашылық жұмыстармен де айналыса алады. Сондай-ақ, бұл сыныпта музыка мен ертегілердің көмегімен терапия сеанстары өткізіледі. Барлық сабақтар мен үйірмелер тегін жүргізіледі. Жоба аясында емхана сайқымазағы балалардың көңілін көтеріп, түрлі кештер ұйымдастырып, қуантып отырмақ. Сынып үлкен интерактивті тақтамен, экологиялық таза жиһаздармен қамтамасыз етілген. Заман талабына сай әрленіп, безендірілген. Оқу үрдісі жаңа әзірлемелердің арқасында нәтижелі әрі қызықты бола түседі деп сенеміз.

«Жаңа сыныптың ашылуы емделіп жатқан балалар үшін психологиялық тұрғыда үлкен көмегін бере отырып, бойларындағы қабілеттерін ашуға да жаңа мүмкіндіктер береді. Заманауи технологиялардың көмегімен олар құрдастарынан артта қалмай, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыта алады. Атап өте кетейін, кішкентай пациенттерге ата-аналармен және балалармен тіл табыса алатын білікті мамандар, еріктілер дәріс береді. Бізді ең қуантатыны, балалар стационарда ұзақ мерзімде ем ала отырып, оқу процесінен қалыс қалмайтын болады», - дейді «Help Today» қоғамдық қорының басшысы Эльмира Әлиева.

Оның айтуынша, сыныпта алдағы уақытта ата-аналар үшін психологиялық қолдау курстары ашылмақ.

Шара барысында №3 онкогематология бөлімі ата-аналары атынан сөз сөйлеген Мадина Құнанбаева балалар үшін жасалып жатқан қайырымды іс үшін барша қауымға алғысын білдірді.

Озық қондырғылармен жабдықталған оқу сыныбы «Help Today» қоғамдық қорының қолдауымен және «Samsung Electronics Central Eurasia», «Universal Masters», «Бай-Темир», «BioMarin Europe Limited» компанияларының демеушілігімен іске асты.

Мерекелік шара өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткен шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT