Алматыда педагогика университетінің 300-ге жуық оқытушысы екпе салдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Дархан Біләлов оқытушылар қауымы коронавирусқа қарсы екпені жаппай салдырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дархан Біләловтің айтуынша, коронавирус – бүкіл әлемді дүр сілкіндірген аурулардың бірі.

Сондықтан педагогикалық университеттің қызметкерлері өз еркімен вакцина алу туралы шешім қабылдады. 298 адам екпе алды.

Бұл жақындарының, әріптестері мен студенттерінің денсаулығына қамқор болатын оқытушылардың саналы таңдауы.

«Пандемия барлық жоғары оқу орындарына қашықтан оқытудың жаңа тәжірибесін әкелді. Оны ұмытпау керек. Аралас оқыту форматының артында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін болашақ бар. Қашықтан оқытудың жағымды жақтарына қарамастан, студенттер офлайн режимде жақсы оқиды. Студент жастарды ата-аналары мен жақындарына жауапкершілік танытуға шақырамын. Егер сіз ауру жұқтырсаңыз, отбасындағы қарт адамдардың сауығуы өте қиын», - деді ол.

Ректор оқытушыларды, студенттерді, талапкерлерді, студент жастарды вакцина алуға және ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға шақырды.

Бұл - коронавирус пандемиясына қарсы тұрудың жалғыз жолы және қалыпты өмір салтына оралудың кепілі.

Оның айтуынша, мамандарды тарта отырып, вакцина жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар