Алматыда пәтерін «жынойнаққа» жалға бергендер жауапкершілікке тартылып жатыр (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда пәтерін жезөкшелікке жалға бергендер жауапкершілікке тартылып жатыр. Құқық қорғау органдары мұндай пәтер иелерін анықтау үшін тұрақты рейд өткізіп тұрады.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері 32 дерек тіркелген. Аталған деректер бойынша тергеу материалдары мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Аталған тұлғаларға қатысты ҚР ӘқК 450-бабы, 1-бөлімі бойынша 100 АЕК мөлшерінде, 2-тармағы бойынша 200 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

«Бүгінгі рейд барысында 10 пәтер иесі жауапкершілікке тартылып, бұл бөлмелер 3 айға жабылды», - деді Түрксіб аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Фархат Сыбанбаев.

Полицияның хабарлауынша, бұл үйлердің көпшілігі Сейфуллин даңғылында орналасқан.

Бөлме немесе пәтер иелері сағаттарға немесе тәулікке бөлмелерін жалға беріп отырған.

null null null null null  

Соңғы жаңалықтар