Алматыда пәтерін жалға берушілер 43 млн теңге салық төледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда пәтерін жалға берушілер мемлекеттік бюджетке 43 млн теңге салық төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, мекеме мамандары қазіргі таңда үйін жалға беретін тұлғаларды салық органдарында тіркеу бойынша жұмыстарды белсенді атқарып келеді.

«Бүгінде есепте 1457 жалға беруші тұр. Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында жыл басынан бері 2798 адам өз еркімен тіркелді. Осылайша биыл жалпы 4255 адам тіркелді. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 5 есе көп», -  деді департамент жетекшісінің орынбасары Қанат Балтабеков.

Департамент өкілі аталған санаттағы кәсіпкерлерді тіркеу процесі жеңілдетілгенін атап өтті. Ол үшін тек кәсіпкерлікті бастағаны жөнінде ХҚКО-ға ақпарат берсе болғаны. Олардың табысынан 2 пайыздан бастап салық төленеді.

Ал жеке кәсіпкер ретінде тіркелмесе жылдық табысынан 10 пайыз төлеуге мәжбүр болады.

Соңғы жаңалықтар