Алматыда пәтері өртенген тұрғындар өтемақы алады - Түрксіб ауданының әкімі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Жұлдыз-1» ауданында бүгін 5 қабатты үйдің жоғарғы мансарды өртеніп, 6 отбасы баспанасыз қалды. Оқиға орнына жедел жеткен Түрксіб ауданының әкімі Владимир Устюгов жапа шеккен отбасылардың тиісті өтемақы алатынын жеткізді.

Айта кетейік, төтенше жағдай жайлы хабар ТЖД кезекші пультіне күндізгі 11:36-да түскен болатын. Қызыл жалын 6 пәтерді шарпыған. Қазір өрт толығымен өшірілді. Өртті ауыздықтауға қалалық ТЖД жеке құрамының 61 қызметкері мен 9 арнайы техника жұмылдырылды. Қалалық ТЖД баспасөз қызметі өрттің аумағы мен шығу себептерін әлі анықтап жатыр. Қазір үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. «Осыдан екі күн бұрын дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген болатын. Менің ойымша, өрт солардың салғырттығынан шықты. Мен бірінші байқап 4 көршіме хабар бердім. Өзімнің ауған соғысына қатысқан мүгедек жолдасымды алып шықтым. Басқалардың көшірілуіне көмектестім», - деді 5-ші қабаттың тұрғыны Бәйтес Оразалиева.

Соңғы жаңалықтар