Алматыда пәтерден бір реттік 40 мың дозалық мефедрон тәркіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері Алматыда пәтерді есірткі зертханасына айналдырып, есірткі шығарып келген қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таяуда ғана ресейлік әріптестермен арнайы операция барысында оңтүстік астанада тағы бір зертхана жойылды. Алматы қаласының үш тұрғыны ұсталып, олардан 10 келі мефедрон тәркіленді. Өзара сыбайласқан олар өндірісті қылмыстық топ қатысушыларының бірінің пәтерінде жолға қойған. Шикізатқа сырттан тапсырыс беріп отырған. Ал дайын есірткіні Алматыда таратуды көздеген», - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткенов ІІМ-нің онлайн баспасөз мәслихатында.

Зертхананы тінту барысында химиялық реактивтер, есірткіні дайындауға арналған құрылғылар мен компоненттер, ауаны тазарту жүйелері анықталғалған.

«Қандай қайғылы жағдайдың алды алынғанын көзіңізге елестетіп көру үшін мына мысалды келтірейін: осы факт бойынша ғана зайсыз айналымнан мефедронның бір реттік 40 мың доза тәркіленді. Оның жалпы құны 240 млн теңгені құрайды», - деді ол.

Тілеген Маткенов атап өткендей, заңнамалық тұрғыда қабылданған шаралардың арқасында снитетикалық есірткілерге қарсы күрес қарқыны күшейе түскен. Нақтырақ айтқанда есірткінің жаңа 89 түрі бақылауға алынатын тізімге енгізілген.


Соңғы жаңалықтар