Алматыда пәтер тонаушылар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда пәтер тонаушылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы аудандық ІІБ криминалды полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру барысында Алмалы ауданындағы пәтерлердің бірін тонап кеткен қылмыстық топты әшкереледі.

«Күдіктілер таңғы 4 шамасында пәтерге кірген. Қыздарды пышақпен қорқыта отырып, ұялы телефондарын тартып алған. 21 және 25 жастағы жігіттер бірнеше сағат өтпестен ұсталды. Олардың бірі бұрын ұрлық жасағаы үшін істі болған екен. Бұл дерекке байланысты ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Қыздарға ұялы телефондары қайтарылды», - деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы Данияр Меңдібаев. 

Қазір бұл адамдардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Полиция түн ішінде бөтен адамдарға есікті ашпауға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар