+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

2020 жылғы 20 ақпан 11:11
Бөлісіңіз:
Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Тәртіп сақшылары Медеу ауданында кезекті қылмыс жасап, ізін суытқалы жатқан кезде үш адамның жолын кесті, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында қылмыс 26 пайызға азайды Шымкентте 26 жастағы жігіт мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған Шымкентте жасөспірімді қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Қылмыстық топты қолға түсіру үшін арнайы операцияны қаланың криминалдық полициясы арнайы күштердің көмегімен жүргізді.

«Ұрылар пәтерден 43 мың доллар мен алтын бұйымдарды қолды еткен. Бұл заттай дәлелдемелер күдіктілерді ұстаған кезде табылып, тәркіленді. Жедел-іздестіру және тексеру барысында қылмыстық топтың пәтер тонау бойынша үш фактіге қатысы бар екеі анықталды. Топ үш адамнан тұрады: 1992 жылы туған Н, 1990 жылғы О. және 1991 жылғы Ф. есімді азаматтар. Күдіктілердің біреуі бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін жауапқа тартылған», - дейді Алматы ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Спикердің айтуынша, пәтер ұрылары негізінен үйлерді күндіз тонайды. Осы әдісті олар да қолданған. Үйде біреудің бар-жоғын білу оларға қиынға соқпайды. Күзет дабылы жоқ баспаналарды нысанаға алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT