Алматыда пәтер тонаған ұрының басқа қылмыстарға қатысы барлығы белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда таңғы 5-те пәтер тонап ұсталған ұрының басқа да қылмыстарға қатысы бар болып шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Полиция департаментінен хабарлады.

Мұның алдында 40 жастағы ер адам таңғы сағат 5-тер шамасында М.Мақатаев көшесіндегі тұрғын үйдегі пәтердің біріне ұрлыққа түскенін хабарлаған болатынбыз.

Балалар бөлмесіне бетперде киген ер адам кіріп келіп, әйелдің сөмкесін ала сап қаша жөнелген. Қашқан бойы ас үйдің терезесінен кіреберістің шатырына секіріп түскен. Сосын шатырдан асықпай түсіп, бетпердесін шешіп ары қарай алыстап кеткен.

Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның кім екендігі де анықталды.

Алматыда таңғы 5-те пәтер тонаған ұры ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің бұған дейін де бірнеше рет қылмыс жасағаны анықталды.

«Ұры үйлерге тонауға түскенде тек ас үй терезесінен кіріп жүрген. Кіре салысымен пышақпен қаруланатын болған. Осыдан бір жыл бұрын ол 5-қабатта тұратын әйелдің үйіне кіріп, пышақпен қорқытып әйелді зорлап кеткен. Ұсталар алдында бірнеше күн бұрын ол 3-қабаттағы пәтерге терезе арқылы кірген. Сол сәтте қожайын үйінде болған. Қожайын мен ұры арасында төбелес басталады. Қылмыскер үй иесінің қолын жарақаттап, үйден бірнеше алтын мен қымбат бұйымдарды алып кеткен», - деді Полицияның баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар