+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда пәтер тонаған әккі ұры ұсталды

2021 жылғы 15 қазан 23:21
Бөлісіңіз:
Алматыда пәтер тонаған әккі ұры ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда пәтерлерді тонаған сериялық «ұры» ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында жасөспірім танысының атынан 2 кредит алған Алматыда әйелдерше киініп алған пәтер тонаушы ұсталды Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жазаланды

Алмалы аудандық полиция Басқармасының мәліметінше, 34 жастағы ер адам пластикалық терезені қысу арқылы пәтерлерге кіріп, көбінесе әшекей бұйымдар мен ақшаны алып кеткен.

«Ұры тұрғын үйге күндіз, үй иелері жұмыста болған кезде кірді. Қазір ол ұсталды. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас төрт қылмысқа қатысқандығы дәлелденді. Күдікті өз ісін мойындады. Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстың негізі бойынша бір өндіріске біріктірілді. Күдіктіге қатысты ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның жеке басы қаланың барлық аудандарында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріледі», - деді Алмалы аудандық ПБ бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Айта кетейік, күдікті соңғы ұрлығын қала орталығында жасаған. Келтірілген залал 1 миллион теңгені құрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT