Алматыда пәтер сатып алуға келген адам үй иесін тонап кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында «пәтер сатып аламын» деп жарнама бойынша келген белгісіз ер адам үйдің иесін тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Алматы қаласының Әуезов ауданына қарасты ішкі істер басқармасына қала тұрғыны белгісіз біреудің 3 мың АҚШ доллары және 300 мың теңге тұратын көлемінде ақша, алтын бұйымдар мен ноутбукті ұрлағаны жөнінде шағымданған. Оқиға Ақсай-4 ықшам ауданындағы үйлердің бірінде болған.

Әуезов ауданы ІІБ айтуынша, әлгі азамат үй иесін пышақпен қорқытып, тонап кеткен. Үй иесі Н., есімді келіншек үйін сатпақ болып, хабарландыру берген. Ол үйді сатып алуға қызығушылық білдіріп келген 25-30 жас шамасындағы, ірі денелі ер адамға ішке кіргізеді. Алайда келуші әйелге пышақ шығарып қорқытып, үйдегі ақша мен бұйымдарды тартып алып кетеді.

«Жедел іздестіру нәтижесінде 1994 жылғы Алматы облысының тұрғыны қамауға алынды. Материалдық мүліктер заңды иесіне қайтарылды. Күдіктіні ҚР ҚК-нің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Әуезов аудандық ІІБ бастығы Есен Ысқақов.

Алматының жергілікті полиция қызметі тұрғындарға үйлеріне бөгде адамды кіргізбеу жөнінде кеңес береді.

«Үйіне туыстарын шақырып алсын, тіпті болмаса көршісінің қасында бола тұруын сұрасын. Қылмыскердің құрбаны болудан абай болыңыздар», - деді Есен Ысқақов.

Арайлым Жолдасбай



Фото:assets.media.az/

Соңғы жаңалықтар