+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Алматыда пәтер қожайынын өлтірген әйел өзіне қол салмақ болған

2018 жылғы 29 маусым 18:41
Бөлісіңіз:
Алматыда пәтер қожайынын өлтірген әйел өзіне қол салмақ болған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда пәтер қожайынын өлтірген 30 жастағы әйел жантүршігерлік қылмыстың ізін жою үшін, өзіне қол салғысы келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

Қайғылы жағдай болған №11 шағын ауданның тұрғындары оқиға туралы айтып берді.

Көршілерінің айтуынша, 4 бөлмелі пәтерді 6 қыз жалдап тұрған.

Олардың бірі, басты күдікті Оңтүстік Қазақстан облысынан келген әйел пәтер иесімен сөзге келіп қалған.

«Бұл әйел азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс жасаған. Олар бәрі сырттан келгендер. Ұрыс-төбелес болмайтын, арақ ішпейтін. Адамды өлтірген соң қан-қан киімдерді кіржуғышқа салып жуып тастамақ болмаған. Осы сәтте үйге пәтер иесінің ұлы көтерілген. Әйел оны да өлтірмек болған. Бірақ, жігіт қашып шығып, сырттан көмек сұрап үлгерген. Полиция шақырған. Күдікті әйел асүйдегі шүберекке асылып өлгісі келген», - деді қаза болған әйелдің көршілері.

Қалалық ІІД хабарлағандай, пәтер иесін бір әйел өлтірген. Күдікті бірден ұсталды. Полиция күдіктінің өзіне қол салғысы келгенін растады.

«Ол өзіне қол салмақ болды. Бірақ, полиция алдын алып үлгерді. Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Аталған дерекке байланысты бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді қалалық ІІД.

Еске сала кетейік, танымал актер Рахман Омаровтың бірінші әйелін пәтер жалдағандар өлтіргені туралы кеше хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT