+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Алматыда пара алған полиция майоры 5 жылға сотталды

2020 жылғы 17 қараша 18:15
Бөлісіңіз:
Алматыда пара алған полиция майоры 5 жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полиция қызметкері бірнеше рет алаяқтық жасап, пара беруге мәжбүрлегені үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қылмыстық іс №2 Медеу аудандық сотында қаралған болатын.

«Сот үкімімен күдікті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен, 28-бабының 4-бөлігімен, 367-бабының 2-бөлігімен айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ ол ҚР ҚК-нің 49-бабы 1-бөлігімен «полиция майоры» шенінен айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, 2011 жылы полиция қызметкері полицияның ауылдық бөлімін басқара отырып, Алматы облысында жер алып беруге көмектескені үшін 8 мың АҚШ долларын алған.

«2014 жылы ол басқарманың басшы орынбасары болып тұрғанда борышкерді іздеу желеуімен тағы бір адамнан «Merсedes Benz E-280» маркалы көлігін және 5 мың АҚШ долларын алған. Сонымен қатар, 2020 жылы полицияның уәкілетті тұлғасы бола тұра қылмыстық іс жасаған адамға бұлтартпау шарасын айқындау кезінде және жазаны жұмсартуға көмектескені үшін 7 мың АҚШ доллары мен 150 мың теңге пара беруге мәжбүрлеген», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT