Алматыда өзіне заңсыз 50 пайыздық үстемақы белгілеген колледж директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжінің директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқу орнының директоры өзінің қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, лауазымдық жалақысына 50%-дық, орынбасары мен бас есепшісіне 90%-дық жұмысқа ынталандыру үстемақысын белгілеу туралы бұйрық шығарған. Сөйтіп, 2009 жылдың 28 тамызынан бастап 2013 жылдың желтоқсан айына дейін барлығы 16 млн теңгені өз қалталарына басқан», - делінген хабарламада.

Қазір колледж директорына қатысты ҚР ҚК 307 бабының 1 тармағы бойынша (лауазымдық қызметін асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар