Алматыда өзіне қол салған жас жігіттің денесі табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өзіне қол жұмсап мерт болған жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бүгін кешкі 18.00-дер шамасында асылып өлген жас адамның денесі Әуезов ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінен табылған.

«2004 жылы туған азамат С. есімді азаматтың мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның себебі мен мән-жайы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша басталған тергеу барысында анықталады», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.


Соңғы жаңалықтар